Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкенттіктер референдумнан көп өзгеріс күтеді

  • AstanaTV
  • 03 маусым 2022
  • 1612

Елдегі үшінші мегаполис тұрғындары мемлекетіміздің маңызды құжатына енгізілетін өзгерістерді қолдауға дайын. Республикалық референдум өткізуге Шымкент қаласы бойынша 316 референдум учаскесі тас түйін дайын. Қазір тек соңғы жұмыстар ғана пысықталып жатыр. Саяси маңызды күні шаһарда 631 мың 133 адам дауыс беру мүмкіндігін пайдаланбақ. Тіпті отбасымен түгел қалмай барамыз деп қазірден дайындалып жатқандары бар. Референдумнан көп үміт күтетінін жеткізген олар әрбір Қазақстан азаматы Ата заңымызға енгізілетін өзгерістерге үн қосып, өздерінің пікірін білдіруге міндетті деп санайды.

БЛИЦ:

- Отбасымызбен осы күнді асыға күтіп жүрміз. Еліміздің болашағын айқындауға үлесімізді қосу біздің әрқайсымыздың борышымыз, парызымыз. Осы референдумға қатысу арқылы біздің  өзіміздің қазіргі жағдайымыз яғни ұлттың болашағы барлығы айқындалмақ.
 
- Бұл референдум жастар және жалпы қоғам үшін өте маңызды деп ойлаймыз. Өйткені референдумның арқасында қоғамдағы орын алып жатқан көптеген мәселелер өз жауабын тауып, шешіледі деген ойдамыз.
 
- Көптеген заңдар өзгерту арқылы біз жастарға алдағы уақытта дамуымызға, өрлеумізге, өсуімізге көптеген пайдасын тигізеді. Мен референдумға барамын. Өзімнің дауысымды беремін. Мынау жаңа Қазақстанның дамуына, өрлеуіне, өсуімізге барлық жас қатысып, өзінің пікірін білдіру керек. Өйткені Қазақстанның азаматы ретінде ол біздің басты парызымыз деп білемін.


А. Төребекқызы