Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда «партиялық» трамвай жолға шықты

  • AstanaTV
  • 03 маусым 2022
  • 1761

Павлодарда «партиялық» трамвай жолға шықты. Бүгіннен бастап «AMANAT» деген жазуы бар қоғамдық көлік тұрғындарды тасымалдап ғана қомай, халыққа партияның бағдарламалары туралы толыққанды ақпарат беретін болады. Жоба «Павлодар қаласының трамвай басқармасы» бастауыш партия ұйымының қолдауымен жүзеге асты.  Алғашқы рейсте мәслихат депутаттары жолаушыларға қоғамдық қабылдау шарасын өткізіп, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Бұл көпшіліктің уақытын тиімді пайдаланып, өздерін толғандырған сауалдарына жауап алуға таптырмас мүмкіндік – дейді, партия өкілдері.

Айгүл МӘЛІКОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:


«Бақытты отбасы», «Кедергісіз келешек», «Халыққа көмек», «Ардагерлерді ардақтайық!» бағдарламалары аясында біз мобилді қабылдау өткіземіз. Ең алдымен осы трамвайда көптеген мәліметтер бар, телефондар бар. Және осы партиялық жобалар аясында қандай көмек көрсетіледі. Сол бойынша мәліметті табуға болады.


Ө. Қуанар