Русский Сайттың толық нұсқасы

11 мыңнан астам қазақстандық шет мемлекеттерде дауыс береді

  • AstanaTV
  • 03 маусым 2022
  • 1370

Референдум күні 11 мыңнан астам  қазақстандық шет мемлекеттерде дауыс береді.   52 елде 65 учаскелік референдум комиссиясы жұмыс істейді. Оның  325 мүшесі   қашықтан оқытылып, республикалық референдумның құқықтық негіздері мен референдум комиссияларының жұмысын ұйымдастыру бағдарламасы бойынша арнаулы тестілеуден өткен.  Сондай-ақ  Азиядағы Гонконг, Шанхай, Түрікменбашы қалаларына тасымалдау қызметі арқылы бюллетень қағаздары  жеткізілген.

Ә. Дүкембаева