Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордада Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына арналған «Менің Елім» мерекелік концерті өтті

  • AstanaTV
  • 03 маусым 2022
  • 1774

Елордада дәл қазір Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына арналған «Менің Елім» атты мерекелік концерт өтіп жатыр.  Шара «AMANAT» партиясының қолдауымен ұйымдастырылған.   ЭКСПО алаңындағы концерттен әріптесім Бекболат Сатуов тікелей байланысқа шығады. Бекболат, мерекелік шара қалай өтіп жатыр?  

Бекболат САТУОВ, ТІЛШІ:

Кеш жарық, Амина! Мұндағы атмосфераны сөзбен айтып жеткізу қиын. Ауа райының қолайсыздығына қарап жатқан  ешкім жоқ. Адам өте көөп. Көңіл-күй керемет. Концерт ашық аспан астында  өтіп жатыр.   Сахнада елімізге белгілі өнер  жұлдыздары ән шырқап,   мерекені айшықтауда. Осыған дейін  Роза Рымбаева, Ұлықпан Жолдасов, «Жігіттер» тобы, Айқын  өнер көрсетті. Алда әлі талай қызық бар дейді ұйымдастырушылар. Елдігіміздің нышаны, халқымыздың мақтанышы, қастерлі рәміздерімізді ұлықтау мақсатындағы шараны өткізуге  «AMANAT» партиясы мұрындық болды.   Қазір менің қасымда бар.   Шара туралы толығырақ айтады.

Перизат ҚАЙРАТ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАСТАР ҚАНАТЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ:

Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына арналған мерекелік концерт сағат 22:00-ге дейін жалғасады. Қала тұрғындары мен қонақтарына әзірленген тосын сый көп. Сондай-ақ, көрермендерді AYREE, Тұрар, Мансұр және Қобыланды, Raim, Қуандық Рақым, Дана Кентай, Фарида Жолдасова, Зарина Омарова және тағы басқа әншілер  өнерімен қуантады. Менде бар ақпарат осы.  Амина, сөз кезегі өзіңде.


Б. Сатуов