Русский Сайттың толық нұсқасы

Баянауылда ұлттық табиғи паркі аумағындағы орман өртенді

  • AstanaTV
  • 03 маусым 2022
  • 1478

Баянауылда ұлттық табиғи паркі аумағындағы орман алқабы өртенді. Қызыл жалын найзағай отынан тұтанған болуы мүмкін. Өрт сөндірушілер түні бойы тілсіз жауды ауыздықтауға тырысқан. Алайда, одан нәтиже болмапты. Қатты екпінмен тараған жалын енді басылып жатыр.  Тілсіз жау 5 гектар аумаққа тараған. Келтірілген шығын көлемі әлі анықталған жоқ.

Руслан ТӨЛЕПБАЕВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ АУМАҚТЫҚ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ӘЛЕМІ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі кешегі өрт толығымен бақылауға алынды деуге болады. Қазіргі таңда өрт сөндіруге сөндіруге 40 машинамен 100-ден аса адам жұмылдырылған. Ашық өрттің тарауы тоқтатылды.

Ө. Қуанар