Русский Сайттың толық нұсқасы

БҚО-да полиция инспекторы суға батқан балаларды ажалдан құтқарды

  • AstanaTV
  • 03 маусым 2022
  • 1511

Батыс Қазақстан облысында полиция инспекторы суға кеткен  екі баланы  құтқарып қалды.

Бес-алты жастағы балалар ауыл шетіндегі каналдан балық ауламақ болған. Кейін қармаққа құрт іздеген біреуі суға секіріпті. Досына ілескен тағы бір бүлдіршін жағаға кері шыға алмай қалған. Олардың суға батып бара жатқанын байқаған полиция инспекторы көмекке ұмтылған.
 
Қуандық ӘБДІҒАЛИЕВ, БАЛАНЫҢ АТАСЫ:

Біз оны білмейміз бұлардың суға барғанын. Өздері ойнап жүрген бес-алты бала, жолдас балалары. Өзіміз үйден бірінші көмек жасадық. Спиртпен ысқыладық, жақсы болып кетті, сосын құсты екі сағаттан кейін, жақсы терледі.
 
Тағдыры қыл үстінде тұрған балаларды ажалдан құтқарған тәртіп сақшысына ауылдықтардың алғысы шексіз. Өйткені ауылдың шетіндегі бұл канал терең көрінеді.  
 
Ержан ҚУАНЫШЕВ, БҚО ПД ИНСПЕКТОРЫ:

Бір бала суға батып бара жатқанын, екіншісі жағаға шыға алмай жанталасып жүргенін байқадым. Дереу шешініп суға секірдім. Бірінші баланы бірден жағаға шығардым. Судан алып шыққан екінші баланың демі жоқ болды. Бірақ жүрегіне массаж жасап, алғашқы көмек көрсеттім. Бұл кезде есін жиып алған суға батқан балалардың бірі велигіне мініп алып, ауылға қашып кетті.

Е. Карин