Русский Сайттың толық нұсқасы

Бүгін -тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ерекше күн

  • AstanaTV
  • 05 маусым 2022
  • 1090

Бүгін -тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ерекше күн. Ел бойынша жалпыхалықтық референдум өтіп жатыр. Бұл Ата заңға өзгерістер енгізуге қатысты соңғы 27 жылда өткізіліп отырған екінші референдум. Орталық сайлау комиссиясынан тілшілеріміз хабар таратуға дайын. Қазір тікелей эфирге қосылып көрейік. Айсәуле, соңғы ақпараттармен бөліссеңіз.  

Айсәуле СЪЕЗБЕК, ТІЛШІ:

Рахмет, студия. Орталық референдум комиссиясына келіп түскен ақпараттарға сүйенсек, ел бойынша бүгін барлығы 10 мың 13 сайлау учаскесі жұмыс істейді.

Сағат таңғы  7:00де  республиканың 8089 сайлау учаскесі өз жұмысын бастап кетті. Ал 5 өңірде: Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Қызылорда  облыстарындағы 1870 учаске елорда уақытынан 1 сағат кейін ашылды.

Шетелде жүрген азаматтар үшін әлемнің 52 елінде 65 учаске ұйымдастырылған. Айта кетейік, Жапония мен Корея Республикасындағы отандастарымыз алғашқылардың бірі болып дауыс берген екен.

Айсәуле СЪЕЗБЕК, ТІЛШІ:
 
Ал сағат 8:00де келіп түскен ақпараттармен ҚР орталық референдум комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман  бөлісті. Назар аударайық.


Айсәуле СЪЕЗБЕК, ТІЛШІ:

Жалпы бұл саяси науқанда  18 жастан асқан 11 млн 722 мың қазақстандықтың таңдау жасау құқығы бар.

Соңғы 27 жылда алғаш рет өткізіліп отырған референдумда Конституцияның 33 бабына түзету енгізілу ұсынылып отыр.

Дауыс беру кешкі 20:00ге дейін жалғаспақ. Студия, мендегі бар ақпарат әзірге осы. Сөз кезегі өзіңізде.

А. Съезбек