Конституцияның 33 бабына 56 түзету енгізіліп, 2 бөлімнің атауы өзгереді. Референдумға ұсынылған толықтырулар бес ірі блокқа бөлініп түсіндірілді. Бастысы бұл реформалар тікелей халық пен сарапшылардың сұранысы мен ұсынысына негізделген.
Бас құжаттың жаңғыруы ел азаматтарының жеке бас құқығынан бастап мемлекеттің саяси басқару жүйесіне дейінгі тармақты қамтиды. Президенттің өз өкілеттілігін кеңейтпей, керісінше, басқа билік институттарына қайта бөліп беруге бастама жасауы – бұл науқанның басты ерекшелігі. Заң жобасында Президентке екі мерзімнен артық сайлануға жол бермеу көзделген. Бір сөзбен айтқанда, мемлекеттік басқару жүйесі өзгереді. Ендігі жерде, ел үмітін ақтамаған шенеунік орынтағын босатады. Ал, заң шығару құқығы мәжіліске тиесілі болады.
Нұртөре ЖҮСІП, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
Реформалардың негізгі өзекті тұсы осы Қазақстанның өңірлерін аймақтарын дамытуға бағытталады. Сондықтанда Сенаттың өкілеттілігі сол аймақтарды дамыту мәселесіне көбірек ойсатын шығар деп ойлаймын.
Кез-келген адам, прокурор, омбудсмен заңның бұрмаланғанын байқаса Конституциялық сотқа жүгіне алады. Сот төрағалары мен судьялар және құқық қорғау саласының қызметкерлері ешқандай саяси ұйымға мүше бола алмайды.
Ермек ӘБДІРАСУЛОВ, ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:
Бәрі жауап қайтару керек. Бүгін сияқты жазып жатыр, хат келді уәкілден оған қарамасақ қарамасақ деп айта алмайды. Өйткені, Конститутцияық мәртебесі бар. Оның имунитеті бар, өкілеттілігі бар.
Мұндай норма саяси партиялар арасында теңдікті сақтауға мүмкіндік береді. Ешбір партияға билік тарапынан да, лауазымды адамдар тарапынан да артықшылық берілмейді. Яғни, саяси партиялар өз күшіне, өз бағдарламасына сенім артатын болады. Олар халықтың қолдауына ие болу үшін жұмыс істей бастайды. Сайлауға түсетін үміткерлер де партияға мүше болуы міндетті емес.
Думан ЖАНПЕЙІСОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫ ЭЛЕКТОРАЛДЫ ОҚЫТУ ОРТАЛЫҒЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Референдум талқысына қойылып жатқан олар бір мандаттық округ арқылы шығып, императивтік мандатқа ие болады. Ол дегеніміз, халық депутатқа жұмысына наразы болатын болса, қызметінен кері шақыру құқығына ие болады.
Конституция мәтінінің үштен бір бөлігі қайта жазылады. Ал, енгізілетін түзетулер келесі жылы күшіне енеді. Сөйтіп, Қазақстанның саяси жүйесі түбегейлі басқа бағытқа ауысады.
Т. Әлжанов