Русский Сайттың толық нұсқасы

"Ел болашағына қатысты саяси өзгерістер халық таңдауына беріліп отыр",-М.Әшімбаев

  • AstanaTV
  • 05 маусым 2022
  • 1029

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев ел болашағына қатысты саяси өзгерістер халық таңдауына беріліп отырғанын айтады. "Конституцияда биліктің бастауы халық деп жазылған. Сондықтан жалпыхалықтық референдумның маңызы зор" дейді. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Ұлттық академиялық кітапханадағы 111-учаскеде алғашқылардың бірі болып дауыс беруге барды. Ел үшін маңызды шарада өз таңдауын жасады.

Мәулен ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бүгін- еліміз үшін өте маңызды күн.Өздеріңіз білесіздер конституциядағы ең негізгі қағидалардың бірі биліктің бастауы -халық. Сондықтан бүгінгі  референдумға сол конституциямыздың негізгі қағидасын жүзеге асырылуы деп те қарауға болады.

Б. Сатуов