Атырауда дауыс беру учаскелерінің алдында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылуда. Референдумға келгендер сондай-ақ, ән тыңдап, мәз-мәйрам.
Сарықамыс ықшам ауданында орналасқан 83-ші сайлау учаскесінде екі мың бес жүзден астам дауыс беруші тіркелген. Тұрғындар белсенділігі таңертеңнен бастап-ақ байқалды. Сайлау учаскесі алдында фотоаймақ дайындалған. Дауыс берушілер тарихи әрі саяси күннен ескерткіш ретінде фотоға түсіп жатыр. Жұрттың көңіл-күйі көтеріңкі.
БЛИЦ:
- Бүгін – мереке. Ел аман, жұрт тыныш болсын. Балаларымыз бақытты болсын. Балаларымыздың бақыты үшін осы референдумға келіп дауыс беріп тұрмын.
- Мен басқа да сайлауда ата-анаммен бірге келіп, ата-анам тапсырғанын көрген болатынмын. Менің ойымша, Қазақстанға қашанда өзгеріс керек. Себебі өзгерістер арқылы Қазақстан дами алады.
Б. Надірқызы