Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде 21 бала тәрбилеп отырған отбасы референдумға келді

  • AstanaTV
  • 05 маусым 2022
  • 1074

Ақтөбелік  көпбалалы Жетесовтер жанұясы  ел үшін маңызды күнді отбасылық мереке теңейді. Сондықтан саяси референдум учаскесіне үйдегі кіші балаларды да ертіп, барлығы түгел келген.  Ақтөбедегі референдум учаскесінен   тілшіміз Гүлвира Сейтенова тікелей эфирге қосылады. Гүлвира, басқа қандай ақпараттарың бар?

Гүлвира СЕЙТЕНОВА, ТІЛШІ:

Әділет, рахмет! Жетесовтер отбасын ақтөбеліктер жақсы біледі. Олар әншілік өнерімен де танымал. Учаскелерінің біріне бір үйден он сайлаушы келді. Ерлі-зайыпты Өмірхан мен Амангүл 21 бала тәрбиелеп отыр, олардың үшеуі - өз баласы, қалғанын асырап алған. Данияр мен Көркемай Жетесовтер алғаш рет дауыс берді, биыл олар 18 жасқа толды. Дауыс бермесе де, референдумды қызықтап үйдің кішілері де келді.

Амангүл ЕШПАНОВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА:

Бүгінгі күн ерекше күн, бүкіл Қазақстан үшін, әсіресе, біз аналар үшін, көп балалары аналар үшін, болашаққа, келешекке, Қазақстан мемлекетіне еңбегін сіңіріп жатқан біз сияқты аналар үшін бұл үлкен мереке.  

Ақтөбелік студент Аяулым Сағидоллақызы үшін де бүгін қос мереке. Бүгін оның туған күні, әрі ол Қазақстан  азаматы ретінде бірінші рет саяси науқанға қатысты.          

Аяулым САҒИДОЛЛАҚЫЗЫ, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бұрын-соңды туған күнімде ондай жағдай болмаған. Бірінші рет осы 18 жасымда сайлауға шақырып жатыр. Азанмен өз даусымды беруге келдім.


Гүлвира СЕЙТЕНОВА, ТІЛШІ:

Ақтөбеліктер саяси науқанға зор жауапкершілікпен қатысуда. Аймақта 559 мыңнан астам дауыс беруші  тізімге енгізілген. Облыс бойынша 517 дауыс беру учаскесі жұмыс істеп тұр.

Г. Сейтенова