Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркияда Ислам ынтымақтастық ұйымының XIII саммиті басталды

  • AstanaTV
  • 13 сәуір 2016
  • 1560

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Стамбұлда Ислам ынтымақтастығы ұйымының 13-ші саммитіне қатысады. Бейбітшілік, дінаралық келісім, адам құқықтары мен кедейлікпен күрес мәселелері көтерілетін жиынға 30-ға жуық елдің басшысы келеді деп жоспарланған.

Бүгін Елбасы Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоғанмен кездесті. Мемлекет басшылары екі елдің сауда-экономикалық, инвестициялық және ауыл шаруашылығы салаларындағы серіктестігін талқылады. Лаңкестікпен күрес жайы да сөз болды. Реджеп Тайып Ердоған өткен жылы Астанада ақпарат алмасу бойынша жасалған келісім негізінде бірлескен жұмысты жалғастыру керектігін айтты. Ал түрік-қазақ бизнес форумының нәтижесінде түркиялық инвесторлар Қазақстан экономикасына 147 миллионнан астам АҚШ ақшасын салатыны белгілі болды. Кей жобалар бойынша нақты келісімдер де жасалған.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ