Русский Сайттың толық нұсқасы

ҚСЗИ сараптама алаңында референдум қорытындысы талқыланды

  • AstanaTV
  • 06 маусым 2022
  • 1749

Қазақстандықтар конституциялық дауыс беру құқығын толық пайдаланды. Референдум қорытындысын талқылаған сарапшылар осылай дейді. Айтуларынша, дауыс беру заңды өткен. Бұл  Екінші Республиканың заңнамалық базасын қалыптастырды дейді. Сенатор Ләззат Сүлейменнің айтуынша, референдум азаматтардың реформаларға деген оң көзқарасын көрсетті.

Ләззат СҮЛЕЙМЕН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Сайлаушылардың, халықтың Президент Тоқаев бастап отырған Конституциялық реформаларды қолдап отырғандығын көрдік. Көптеген пікірталастар өткіздік. Біз кездескен кездегі қолдау кешегі референдумға қатысқан азаматтардың 68 пайыз содан нақты көрінді деп айтқым келеді.

Мәжілісмендердің пікірінше, референдум нәтижесі халықтың билікке деген сенімін көрсетті. Конституциялық өзгерістер енгізілген соң Парламент пен маслихаттардың жұмыс сапасы көтеріледі дейді.  Ал Қазақстан қоғамдық даму институтының директоры Қазбек Майгелдинов реформаларды жүзеге асыру үшін әр азамат белсенділік таныту керек деп санайды.

Қазбек МАЙГЕЛДИНОВ, ҚАЗАҚСТАН ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Қазір халыққа мүмкіндік жасап жатыр. Егер сіздер сұранысты тудыратын болсаңыздар сол сұранысқа байланысты билік оған әсер етеді деп. Сондықтан бірінші қадамды жасап алайық. Содан кейін екінші қадам, үшінші қадам жоғарыдағы заңды сұрақтарға қарай олар да жүзеге асады.

А. Базарбай