Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордада аурухана есепшілері 14 млн. теңге жымқырған

  • AstanaTV
  • 06 маусым 2022
  • 1240

Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық ауруханасының есепшілері 7 жылға сотталды. Олар мемлекетке 14 млн. теңге шығын келтірген. Облыстық соттың мәліметінше, бас есепші мен қос көмекшісі өзара келісімге келу арқылы кей қызметкерлер іссапарға бармаса да құжат жасаған. Сол арқылы қомақты қаржы жымқырып келген. Сот бас есепші мен 1 көмекшісін 7 жылға бас бостандығынан айырды. Алайда олардың кәмелет жасқа толмаған балаларының болуына орай, жаза өтеу мерзімі кейінге қалдырылды. Ал біреуі 2 жылға шартты жаза арқалады.

Ардақ СМАҒАНБЕТОВА, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы, 3-бөлігінің 1-тармағы бойынша айыпталып, сотталған. Яғни, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен өзіне тапсырылған мүлікті талан-таражға салып, иемденіп, қылымыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін сотты болып отыр.

М. Тоқтасынқызы