"Тіл және рәміз – Тәуелсіздік жаршысы". "Қаламгерлер Аллеясында" осындай атаумен ауқымды шара өтті. Оның соңы мотошеруге ұласты. Толығырақ тілшіміз айтады.
Ту, Елтаңба және Әнұран. Бұл үш нышан Қазақстанның дербестігі мен тәуелсіз ел екенін дәлелдейді. Биыл елімізде рәміздер күні ерекше аталып өтілуде. Ақын Дәулеткерей Кәпұлы "мемлекеттік рәміздер- тәуелсіздіктің символы, ал мұндай шаралар "Қыран қанатты байрағымызға, елтаңбамызға деген" құрметтің белгісі дейді.
Дәулеткерей КӘПҰЛЫ- ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Рәмізге деген құрмет көрсету бұл азаттыққа, тәуелсіздікке деген. Тәуелсіздік бұл көзіміздің қарашығындай сақтау үшін, нышандарымыздың барлығына жалпыхалық болып ел болып құрмет көрсету.
Жастар саясаты басқармасының басшысы да шараға белсене ат салысты. Ол жастарды, қала тұрғындарын мемлекеттік рәміздерге аса құрметпен қарауға шақырды.
Ақұлан ТАСТЕМІР, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ЖАСТАР САЯСАТЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
Басты мақсат қала тұрғындарын туды ұлықтауға, ҚР-ның туын алып жүріп өтетін боламыз. Қала тұрғындарын, қонақтарына біраз кішігірім туларымыз соларды сыйлыққа табыстайтын боламыз. Бұл шара 70-ке жуық жастардың басын біріктіріп отыр.
Әйгерім МОЛДАБАЕВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВ ІСІ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Мемлекеттік туымыз, елтаңбамыз бұл тәуелсіздіктің, бейбітшіліктің символы деп білемін. Осы жерде қаламгерлердің патриоттық өлеңдері оқылады. Жастардың еріктілердің шеруі өтеді.
Шара соңы Авто-мотоспорт шеруіне ұласып, елорда тұрғындары мен қонақтарының көңілін көтерді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, көше бойымен көк туды алып жүру патриоттық рухты оятады.
Ә. Дүкембаева