Русский Сайттың толық нұсқасы

Геннадий Головкин көмір байыту фабрикасын ашты

  • AstanaTV
  • 05 шілде 2016
  • 2518

Атақты боксшы Геннадий Головкин Қарағандыда көмір байыту фабрикасын ашты. Жаңа өндіріс кәдімгі қатты отыннан анағұрлым қуатты көмір шығармақ. Боксшы осылайша шаршы алаңда тапқан табысын ел экономикасына құйып, отандық өнімді шетелге шығаруды жоспарлап отыр. Жобаға Геннадий Головкинмен бірге жергілікті кәсіпкерлер мен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры да қатысқан. Инвестицияның басым бөлігін боксшы салған.

Жаңа өндірісте Қарағанды мен Екібастұздан алынған көмірлер өңделеді. Кәдімгі көмір, бағалы концентраттармен байытылмақ. Мамандардың айтуынша, ондай отынның қуаты тоннасына 1 жарым есе күшті болады. «Қаз Феррит» ЖШС зиянды қалдықтарды қоршаған ортаға шашпай, сүзіп қайта пайдалануды жолға қойып отыр. Фабрика жылына 500 мың тонна көмір өндіреді деп жоспарланған. Мұнда 150 адамды жұмыспен қамтымақ.

Геннадий Головкин, бокстан әлем чемпионы:

Бұл идея Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Барлығын жеңіп, үйге орал» деген сөзінен кейін пайда болған секілді. Бұл тапқан табысыңды үйге әкел деген сөз. Менің әкем де 35 жылдан астам шахтада жұмыс істеді. Яғни бұл өндіріс менің отбасыма жақын. Бұл  менің туған, тұрған жеріме деген құрметім.

Айжан ҚУАШ