Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекеттік қызметкерлер адам саудасымен айналысты деген күдікке ілінді

  • AstanaTV
  • 07 маусым 2022
  • 1496

Қостанай облысының бірнеше мемлекеттік қызметкері адам саудасымен айналысты деген күдікке ілінді. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі хабарлады. Күдіктілер облыстық «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының» шенділері. Олар  мемлекет қамқорлығындағы еңбекке жарамсыз адамды Нұр-Сұлтандағы қарттарға арналған жеке пансионатқа тегін жұмыс күші ретінде жіберген. Бұл іске қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Рүстем БОЛАТОВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:
 
Күдіктілердің бірі сот шешімімен үйқамаққа алынды. Күдіктілерге қатысты олардың кінәсының дәрежесін анықтай отырып, түпкілікті шешім тергеу нәтижесіне орай қабылданады. ҚР ҚПК-нің 201 бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін қалған ақпарат жарияланбайды.

З. Санай