Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте ұйымдасқандар шетелдік қымбат автокөліктерді ламбордқа өткізіп келген

  • AstanaTV
  • 07 маусым 2022
  • 1285

Шымкентте ұйымдасқан қылмыстық топ шетелдік қымбат автокөліктерді ламбордқа өткізіп келген. Топ жетекшісі - қаладағы ломбардтардың бірінің бұрынғы қызметкері болып шықты. Кепілмен қаржы беруде жинаған тәжірибесін қолданған ол,  қомақты  ақша табу үшін арнайы  жоспар құрыпты. Алаяқтық әрекетін іске асыру мақсатында өзінің 8 танысын тартқан. Тоғыз адам белгілі бір сценариймен жұмыс істеген, - деді полиция департаментінің тергеушісі. Жастары 25 пен 40 шамасындағы жігіттер бір жыл ішінде таныстары мен жалға беру орындарынан 5 шетелдік автокөлікті бірер күнге айдауға сұрап алып, жалған құжаттар жасау арқылы ломбардтардан қомақты ақша алып келген.

Нұрсұлтан ТАСТЕМІРОВ, ШЫМКЕНТ қ. ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТЕРГЕУШІСІ:

Жалпы біздің анықтағанымыз бойынша бес көлік. Қойылған ломбардтар бойынша төрт ломбард. Әр автокөлік «Lexus LX 570»  -7,5 млнға бағаланған, "Toyota Land Cruiser 200"  - олар 6 млн 4 млнға бағаланған. Әртүрлі бағада бағаланып, сол қойылған. Жалпы көлемде 35-40 млн-ның арасында шығын келтірілген.   

Айта кетейік, қазір тоғыз адамның ісі сотта қаралу сатысында. Оның ішінде шетелдік көліктерге жалған құжат жасаған адам да бар. Ал автокөлік иелері бұл жағдайдан хабарсыз болған. Өйткені ломбардқа қойып, айдау құқығымен ақша алып болғасын көліктердің құжатын қайта қалпына келтіріп, иелеріне қайтарып беріп отырыпты.

А. Төребекқызы