Еуразия ұлттық университетінде журналистика және саясаттану факультетінің 100-ден астам студенті диплом алып, жаңа өмірге аяқ басты.
Жастарға
диплом табыстаған ұлағатты ұстаздар арасында "Нұр Медиа" холдингінің
бас директоры Жанай Омаров та болды. Студенттердің 29-ы магистр, қалғаны
бакалавр дәрежесінде. Салтанатты рәсім мерекелік ән-думанға ұласты. Жас
өнерпаздар ән шырқап, ұстаздар түлектерге ақ жол тіледі.
Журналистика
факультетінің құрылғанына алты жыл. Осы уақыт аралығында факультет мықты база
қалыптастыра
алды. Бұл ұядан ұшқан мыңдаған маман бүгінде отандық журналистикада
қызмет етіп жүр.
Айгүл ӘДЕПБАЙ