Русский Сайттың толық нұсқасы

Референдумда дауыс беру арқылы әр азамат мемлекет болашағына бейжай қарамайтынын көрсетті

  • AstanaTV
  • 07 маусым 2022
  • 1267

Референдумда азаматтар мемлекет болашағына бейжай қарамайтынын көрсетті. «AMANAT» партиясының Атырау қалалық штабы мүшелері осындай пікірде. Партия мүшелерімен бірге еңбек ардагерлері және қоғам белсенділері, Әділетті Қазақстан құрудағы саяси кезеңде 15 мыңнан астам азаматпен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізген. Енді Ата заңның 33 бабына енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар ел дамуына зор серпін әкеледі деген пікірде.

Жаңылсын КЕНЖЕҒАЛИЕВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АТЫРАУ ҚАЛАЛЫҚ ШТАБЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Өміріне бейжай қарамайтын әрбір азамат таңдауын жасап, үн қосты деп ойлаймын. Үгін-насихат жұмыстары кезінде, референдум күні «AMANAT» партиясы Атырау қалалық штабы белсенді жұмыс жасады. Штабқа партия белсенділерін, еңбек ардагерлері , депутаттар мен қоғам беосенділері тартылды.  150ден астам іс-шаралар өткізіліп, 15 мыңға жуық азаматтар қамтылды.

Б. Надірқызы