Русский Сайттың толық нұсқасы

Қорғаныс министрі: "Армия ғана кінәлі емес"

  • AstanaTV
  • 08 маусым 2022
  • 1062

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың пайымынша әскерде сарбаздық таяқ жеуі қалыпты. Ал, өлім-жітімнің көбеюіне армия ғана кінәлі емес деді. Ол бірінші кезекте жас жігіттердің өзіне қол жұмсаған себебін алдымен түсініп алу керек дейді. Сарбаздың әскерге келгені анық, ал командир олардың өміріне жауапты екенін мойындайды. Әскерде жүріп үйінен ақша сұрауы, керек-жараққа қажет болған шығар деп топшылайды.

Руслан ЖАҚСЫЛЫҚОВ, ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ:

Бірінші кезекте, жастардың өз-өзіне қол жұмсауының себептерін түсінуіміз керек. Бұған тек армия ғана кінәлі емес. Алайда, ол адам әлдеқашан есейіп ақыл тоқтатып келгенін ескеруіміз керек. Яғни азаматтық қоғамнан келген. Яғни ол әскерге өз проблемасымен келген болуы мүмкін. 7 күн бұрын келген азаматқа не үйретіп үлгердік? Тек сапқа тұруды ғана. Бұл әскерилердің тарапынан емес, өзімен жасты балалардың арасында болып жатқан жанжал.

Ә. Дүкембаева