Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда ресми түрде жаңа 3 облыс құрылды

  • AstanaTV
  • 08 маусым 2022
  • 2473

Қазақстанда енді 17 облыс пен республикалық маңызы бар 3 қала бар. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа облыстар құру туралы жарлығы бүгіннен бастап заңды күшіне енді. Сонымен, жеке-жеке тоқталсақ. Абай облысының орталығы Семей қаласы болады. Оның құрамына 8 аудан мен Семей және Курчатов қалалары кіреді. Бұдан былай Талдықорған - Жетісу облысының орталығы болады. Аймақтың еншісіне 8 аудан мен Талдықорған және Текелі қалалары берілді. Ал, Ұлытау облысының ордасы – Жезқазған қаласы. Бұл өлке Жаңаарқа, Ұлытау аудандары мен Жезқазған, Қаражал және Сәтбаев қалаларының басын қосады. Бұған дейін хабарлағанымыздай Алматы облысының орталығы - Қонаев қаласы болды.

А. Съезбек