Русский Сайттың толық нұсқасы

Таразда жантүршігерлік жағдай орын алды

  • AstanaTV
  • 09 маусым 2022
  • 1006

Таразда жаға ұстатар жағдай орын алды. 43 жастағы келіншек азаматтық некеде бірге тұрып келген күйеуін пышақтап тастаған деген күдікпен қамалды. Ал ауыр дене жарақатын алған 47 жастағы жергілікті тұрғын ауруханада ес жимастан жан тапсырған. Қамаудағы келіншек өз кінәсін толық мойындады деді полиция. Тәртіп сақшыларына қылмысты нөмірі бірінші қалалық аурухана дәрігерлері хабарлаған. Ақ халаттылар  науқас ауыр жағдайда түскенін айтты. Көп қан жоғалтқан. Жансақтау бөлімінде ес жимастан қайтыс болған. Әйелдің мұндай қатігездікке не үшін барғаны әзір белгісіз. Өзге де ақпараттар тергеу құпиялағы байланысты жарияланбай отыр.

Гүлсара МҰХТАРҚҰЛОВА, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Күдікті бұрын сотты болмаған. Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 99 бабы, 1 бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Б. Жұмабайұлы