Русский Сайттың толық нұсқасы

Экс-министр Е.Біртанов өз ісін қарап жатқан судьяға қарсылық білдірді

  • AstanaTV
  • 09 маусым 2022
  • 1531

Экс-министр Елжан Біртановтың адвокаттары, істі қарап жатқан судьяға қарсылық білдірді. Бұл айыпталушы тарапынан осымен екінші наразылығы. Бұған дейін, яғни 26-мамырдағы сот отырысында "тергеуде олқылық жіберді" деп екі прокурорды істен аластатуды сұраған болатын. Ол арызы қанағаттандырылған жоқ. Істі басқа судья жүргізсін деген талабы да орындалмады. Елжан Біртановқа әуелі "ірі көлемде бюджет қаржысын талан-таражға салды" деген айып тағылған. Кейіннен денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттандыру платформасын жарамсыз болса да қабылдап, "іске қосқаны үшін" де жауап беруі тиіс делінді. Өз кезегінде, айыпталушы ел Үкіметі пен Бас Прокуратураға шетелдік компаниямен жасалған платформа жұмысына қатысты келісім-шарттарды қайта тексеру қажет деді.  

Елжан БІРТАНОВ, АЙЫПТАЛУШЫ:


Қазір біздің іс бойынша халықаралық прессаға қазір шығып жатыр. Себебі менің өзімнің фэйсбук парақшамда шығардым. Швеция және біздің Қазақстан арасындағы Эриксон компаниясы туралы түрлі-түрлі ақпарат шығып жатыр. Осыған дейін жарты жыл бұрын мен сот басталмай тұрып ҚР Үкіметіне ұсыныс жасаған болатынмын, осыны басталмай жатып тексеру қажет.


Айта кетейік, бұрынғы Денсаулық сақтау министрі 2020 жыл күдікке іліккен болатын. Тергеу екі жылға созылған еді.