Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы жастар арасында кеңінен талқылануда. Бүгін «AMANAT» партиясының жастар қанаты жас буынға тұжырымдаманы жете түсіндіру мақсатында кездесу өткізді. Белсенді жастармен кездесуге қалалық мәслихат хатшысы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысының бірінші орынбасары арнайы келді. Басқосуда жастарға жемқорлықтың теріс салдары туралы айтылып, жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру жайы сөз болды. Сонымен қатар қоғамда жемқорлық тәуекелдерін жою, жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Ілияс БАЗИЛОВ, СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ НҰР-СҰЛТАН қ. ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
Басқосуда біз ең алдымен 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдасын тыңғылықты түсіндірдік. Жастардың белсенділігін ерекше атап өткім келеді. Олар өздерін мазалаған сауалдарын қойып, тақырыпты жан-жақты ашуға мүмкіндік болды. Мұндай шаралардың ауқымын кеңейту керек деп есептеймін.
Ерлан КАНАЛИМОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:
Елордамыздың жастарымен жемқорлыққа қарсы саясаттың атқарылу барысы туралы атап өттік. Жалпы қалалық әкімдік пен жергілікті атқарушы органдармен атқарылып жатқан жұмыстар бойынша. Осының барлығы болашақта өз септігін тигізеді деп ойлаймын.
Жиынға қатысушылар сыбайластыққа қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы да ақпарат алды. Ұйымдастырушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда азаматтық қоғамның рөлін күшейту үшін жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізу керек деп отыр.
Ә. Бердібеков