Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда қазақ тілін үйренушілерге арналған «Жайлауда» тілдік курс басталды

  • AstanaTV
  • 09 маусым 2022
  • 2054

Павлодарда қазақ тілін үйренушілерге арналған «Жайлауда» атты тілдік курс басталды. Аты айтып тұрғандай, мемлекеттік тілді оқыту кабинеттерде емес, жайлауда өтеді. Онда тіл білуге ниет танытқан қала тұрғындарына қазақтың тілімен қатар салт-дәстүрі де көрсетіледі. Мәселен, жайлауда киіз үй тігіліп, қасына қазан-ошақ асылған. Әжелер жастарға самауырын қою, бауырсақ пісіру секілді тұрмыстық дүниелерді көрсете отырып, қазақ тілін үйретеді. Ал ұл балаларға аталар қамшы өру секілді қол өнер түрлерінен де сабақ береді. Шараны ұйымдастыруға «Ана тілі» орталығы мен «AMANAT» партиясының облыстық филиалы мұрындық болды.

Шолпан КИНЖИКОВА, «АНА ТІЛІ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Ең бастапқы мақсат мемлекеттік тіл, тікелей келісім дейміз бе, мейірімділік дейміз бе? Осының бәрі жайлауда болған ғой. Ата заманда күн жылынғанда ел демалуға шығады. Бізде осылай мереке күні ел мен бірге болып, мына қазақ тілінің аясында барлығымыз жиналып қалдық жайлауда.
 
Айгүл МӘЛІКОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Осы Аманат партиясының сайлауалды бағдарламасы бар 2025 жылға арналған. Осы сайлауалды бағдарламада ең бастысы ұлттық құндылықтарымызды өркендету, оны  сақтау бүгінгі таңда қоғамның ең басты құндылығы деп санаймыз. Сондықтан, жастарға бүгінгі шарада тіл мәдениетін көрсету. Ұлттық тәрбиелеуде көрсету шараның ең негізгі мақсаты.

«Ана тілі» осыған дейін бұл мемлекеттік тілді үйрету бойынша түрлі іс шаралар жүргізген. Олар ұлттық ойындар арқылы әңгімелесе отырып, жастарға ауыз екі тілді үйреткен. Бүгінгі күнге 1000-нан астам адам мемлекеттік тілді меңгеріпті.

Наталья КОЛЕНКО, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

 
Меніңше, біздің азаматтық парымыз. Өйткені, Қазақстан біздің ортақы үйіміз. Сондықтан, қазақ тіліні білген жөн.

Ө. Қуанар