Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордада 64 адам астан уланды

  • AstanaTV
  • 13 маусым 2022
  • 1671

Елордада 64 адам астан уланды. Барлығының ұшыну симптомдары бірдей болған, яғни бастары айналып, дене қызуы көтерілген. Құсып, кейбіреулері есінен танып қалған.  Қалалық эпидемиологиялық бақылау департаменті 52- науқас жұқпалы аурулар ауруханасына, қалғаны амбулаторлық ем алып жатқанын хабарлады. Уланғандар дәмхана желілерінің бірінен суши жеген деді. Тексеріс барысында аталған дәмхананың санитарлық талаптарға сай емес жұмыс істегені анықталыпты. 50 адамға ғана шақталған аядай ас ішу орны, шектен тыс адам қабылдағаны да белгілі болды. Сондай-ақ, күннің ыстығына қарамастан сушиге арналған өнімдерді тоңазытқышта сақтамаған  деп отыр. Қазір осы дәмханаға қатысты тергеу жұмыстары басталып, қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ қаламыздағы барлық фаст-фуд өнімдерін даярлайтын асханалар жіті тексерілетін болды.

Жанна ПІРӘЛИЕВА, НҰР-СҰЛТАН қ. САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бүгінгі таңда сол ақпарат бойынша Байқоңыр ауданы департаменті іс қозғап, тексеріс бастады. Байқоңыр ауданында әлі де тексерістер жүргізіліп жатыр. Тексеріс барысында 15 сол жерде жұмыс істейтін адам тексерілді. Және де сол жерден тамақтар алынды, шикі піскен тамақтар.