Русский Сайттың толық нұсқасы

Жаңа үш облысқа мемлекет қанша қаражат бөледі?

  • AstanaTV
  • 13 маусым 2022
  • 2262
Жаңадан құрылған үш облыстың орталықтарына әкімшілік ғимараттар үшін 12 млрд теңге керек. Ұлттық экономика министрінің есебі осы. Бұл қаражат бірінші кезеңге қажетті көлем екенін нақтылады. Әлібек Қуантыровтың айтуынша, қаржының көп бөлігі, яғни - 7,6 миллиард теңге Ұлытау облысына, ал орталығы Қонаев орналасқан Алматы облысына 3,5 миллиард теңге, Абай облысына 839 миллион теңге қажет дейді.

Әлібек ҚУАНТЫРОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ:

Мысалы Ұлытау облысында Жезқазғанда акиматтың ғимараты дайын тұр. Сол ғимаратқа кейбір мемлекеттік органдармен солармен бірге көшеді. Абай облысында да Семей қаласында объект дайын. Жалпы 10 мемлекеттік орган шамамен осы ғимаратта бірінші уақытта орналасатын болады. Ал Қонаев қаласы бойынша, әкімшілік ғимарат осындай дайын емес, сол себептен қазір жеке ғимарат иелерден жалға алынатын болады.

Еске сала кетейік, бірер күн бұрын ғана жаңадан құрылған өңірлердің әкімдері белгілі болған еді.  Абай облысының әкімі болып Нұрлан Ұранхаев, Жетісу облысына Бейбіт Исабаев келді. Ал, Ұлытау аймағына Берік Әбдіғалиұлы барды. Сондай-ақ, Білім және Ғылым министрлігі екіге бөлінді. Министр Асхат Аймағамбетов оқу-ағарту министрі болса, Ғылым және жоғары білім министрлігіне Саясат Нұрбек министр болып жайғасты.

Ә. Дүкембаева