Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда орташа зейнетақы мөлшері қанша?

  • AstanaTV
  • 13 маусым 2022
  • 1061

Зейнетақының орташа мөлшері қанша? Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, 1-маусымнан бастап базалық зейнетақы төлемін қоса алғанда орташа зейнетақы 105 мың 189 теңгені құрайды. Жалпы Қазақстандағы зейнеткерлердің саны қазір 2 миллион 246 мың адам. Жыл басынан оларға 1,2 триллион теңгеден астам зейнетақы төленген. Биыл мамырдан бастап республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 235,4 миллиард теңге бөлінді, оның 71,3 миллиарды базалық зейнетақыны төлеуге, 163,2 миллиарды ынтымақты зейнетақыға бағытталған. Айтпақшы, әлеуметтік желілерде әйелдердің зейнетке шығу жасы 58 жасқа төмендеді деген ақпарат жылдам тарауда. Жауапты министрлік мұны фейк деп атап, бекітілген зейнет жасы өзгермегенін мәлімдеді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес азаматтардың қордағы жинақтары жеткілікті болған жағдайда ғана ерлер 55, ал әйелдер 52,5 жасқа толғанда зейнеткерлікке ерте шығуға құқылы деп атап өтті.

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ МИНИСТРЛІГІ:

Азаматтардан фейктерге назар аудармауды және ақпаратты тек ресми дереккөздерден пайдалануды сұраймыз. Естеріңізге сала кетейік, жалған ақпарат тарату заң бойынша жазаланады.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР:

- Зейнеткерлер - 2 млн 246 мың
- Оларға (2022 қаңтар-мамыр) 1,2 триллион тг төленген.


А. Кемелжан