Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылжар өңірінде жылқылар тұмауға шалдыққан

  • AstanaTV
  • 13 маусым 2022
  • 2295

Солтүстік Қазақстан облысында ауырып қалған жылқыларға қатысты зертхана қорытындысы шықты. Ветеринарлардың сараптамасына сәйкес, жануарлар жылқы тұмауына шалдыққан.

Қайырлы ҚАЗАНОВ, СҚО ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Заречный ауылдық округінде карантин режимі жарияланды. Жануарларды басқа жерге тасымалдауға тыйым салынған. Өзге аудандарда бұл індет байқалған жоқ. Қазір тұмаудың шығу себебі анықталып жатыр. Жануарлардың өлу дерегі тіркелмеген.

Еске салайық, өткен аптада біз Қызылжар өңірінің Есіл ауданында Қамбар ата төлінің арасында белгісіз дерт тарағанын хабарлаған болатынбыз. Бақташылардың айтуынша, аталған індетті 300-ден астам жылқы жұқтырған. Ал құзырлы органдар аурудың белгілерін тек үшеуінде ғана байқаған. Бүгінде жергілікті билік өкілдері ветеринарлармен бірлесіп, жануарларға екпе жасап жатыр. Сала мамандары ауру малды оқшаулап, індеттің басқа аумаққа таралмауын қадағалауда. Айта кету керек, ветеринарлар жылқы тұмауы адамға жұқпайды деді.

А. Құрманкин