Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда жаңбыр суы жиналған жерлерге асфальт төсегендер жазалана ма?

  • AstanaTV
  • 14 маусым 2022
  • 1327

Алматыда бір топ жұмысшы жаңбырдан кейін жиналған судың үстіне асфальт төсеген. Мұны әлеуметтік желі қолданушылары жариялады. Бұл келеңсіздік Ақсай ықшам ауданында болған. Жаңбыр суына толы шұңқырларға асфальт төсегендердің әрекеті көптің ашуын тудырды. Жұмысшыларды мұнда қай мердігер компания жібергені белгісіз. Әуезов ауданы әкімдігі бұл мәселені тез арада анықтап, жолды қалпына келтіруге уәде етті.

Азат ҚАКЕТАЕВ, ӘУЕЗОВ АУДАНЫ ӘКІМДІГІ КОММУНАЛДЫҚ-ШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
 
Ақсай 3, 87 үйдегі жағдай бойынша, жаңбыр кезіндегі асфальт салған фактісі бойынша біз міндетті түрде ол жаққа шығып, мердігер мекемені белгілеп, жұмыс жасаймыз. Асфальт төсенішін міндетті түрде қалпына келтіреміз.