Русский Сайттың толық нұсқасы

Теріскейде ауыл жұртына жайылымдық жерлер жетіспейді

  • AstanaTV
  • 14 маусым 2022
  • 915

Теріскейде мал аш. Өрістен тоймайды деген жұрт жайылымдық жердің тарлығына шағым айтты. Новокаменка ауылының тұрғындары биыл жауын-шашын аз түсіп, шөпте шықпай    жатқанын жеткізді.  Сондықтан жұрт биліктен қосымша малға жер сұрап отыр. Тараптарды тындаған аймақтағы әріптесім тақырыпты толықтырады.

Боранбай Танабаев 10 жыл бұрын Өзбекстаннан келген қандас. Шаруашылықпен айналысу үшін, әдейі елдің солтүстігінде қоныстанған. Алайда, соңғы жылдары жұмысы оңға баспай тұрғанына шағымданды. Себебі, қуаңшылықтың салдарынан шөп бітік емес.

Боранбай ТАНАБАЕВ, НОВОКАМЕНКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Сүт, ет тапсырамыз. Бірақ дәл қазіргі біздің проблемамыз - мал бағатын жер жоқ. Әз-маз жер берген, бірақ биыл құрғақшылық болып, дым шөп жоқ. Малдың бәрі құлайын деп жатыр. Содан біз проблеманы көтеріп жатыр. Бізге бағатын бір жер берсін, биыл осындай жағдайға.  

Новокаменка ауылында төрт түліктің басы мыңға жуықтайды. Жұрт малға берілген жайылымның аз екенін айтты. Далада тоймаған үй жануарлары сүтті де аз бере бастаған.

Виктор ИЛЬКИВ, НОВОКАМЕНКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Күні бойы далада жүрген кешке тоймай келеді. Мұндай біздің аймақта бұрын-соңды болмаған. Сондықтан біз шалғайдан шөп шауып әкеп, қосымша шөп беріп отырмыз. Әдетте күніне 15 литрден сүт беретін сиырлар қазір не бары 3-5 литрден ғана беріп жатыр. Ауыл жұрты тығырыққа тірелді.

Жергілікті билік қол қусырып отырған жоқпыз деді. Малға 1500 гектар жер қажет, ал қолданыстағы жайылым оның жартысы ғана екен.  

Ирина РЫБАКОВА, АРХАНГЕЛЬСК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

Бізге 690 гектар жер керек. Қазір ауылдың маңындағы Перепечин жеке кәсіпкерінен жерді қайтарып жатырмыз. Бірақ бұл аздық етеді. Қосымша қайтаратып алатын жер жоқ. Сондықтан әкімдік басқа шаруашылықтармен меморандум жасасып, қосымша 300 гектар алқапты сұрап отыр.


Абзал ҚҰРМАНКИН, ТІЛШІ:

Жалпы, жайылымдық жерлердің тапшылығы тек Новокаменкада ғана емес, аймақтың түкпір-түкпірінде бар мәселе. Тек Қызылжар ауданы бойынша 30 мың гектар жер жетіспейді.


А. Құрманкин