Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұлттық құрылтай құрылды

  • AstanaTV
  • 15 маусым 2022
  • 1636

Қазақстан Президенті жанынан Ұлттық құрылтай құрылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Мемлекет басшысы Қысым-Жомарт Тоқаев арнайы Жарлыққа қол қойды. Әрі оның құрамы мен ережесін бекітті. Президент жанындағы жаңа қоғамдық институттың құрамына елімізге танымал  белгілі қаламгерлер, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен тұңғыш ғарышкер еніп отыр. Ұлттық құрылтайға барлығы 117 адам мүше болды. Олардың арасында өңірдегі қоғамдық кеңес  мүшелері, Парламент депутаттары, саяси партиялардың, бизнес, медицина, білім, ғылым, мәдениет, спорт, адам құқықтарын қорғау және басқа да әлеуметтік топтардың өкілдері бар. Жас көшбасшылар мен белсенді азаматтар да шақырылған.

З. Санай