Русский Сайттың толық нұсқасы

«Ұлттық құрылтай кезекті бір жиын емес»,-сарапшы

  • AstanaTV
  • 16 маусым 2022
  • 1746

«Ұлттық құрылтай кезекті бір жиын емес». Құрылтайдың алғашқы жиыны туралы сарапшылар осылай дейді. Ұлт ұясы Ұлытауға келгендер бұл бастама елдік мәселелерді көтеретін органға айналатынына сенімді. Ақын Ақберен Елгезек "құрылтай арқылы халықтың бірлігі артады, ал жаңадан жасақталған ұйым ел болашағы үшін өте маңызды рөл атқарады" дейді.

Ақберен ЕЛГЕЗЕК, АҚЫН:

Бұл жай ғана бір, кезекті бір жиын емес. Шын мәнінде елдік мәселелерді көтеретін, шын мәнінде ұлттың мүддесін айтатын және соны орындататын үлкен органға айналса деген үмітпен келіп отырмыз. Және осы құрылтайдың алғашқы отырысының Ұлытауда, Жошының басында, былайша айтқанда үлкен символдық мәні бар.  


Сарапшылар Ұлттық құрылтай қоғамдық диалогтың бірыңғай моделін қалыптастырып, билік пен халық арасын байланыстырушы көпірге айналатынын айтады. Сондай-ақ, жалпыұлттық диалогтың шекарасын кеңейтеді дейді.

Данияр МҰҚИТАНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Бұл құрылтайдың мемлекет үшін маңызы зор. Себебі, бұл жиын -еліміздегі маңызды мәселелерді талқылап, шешімін табуға көмектеседі.  Елімізді дамыту жолында бірігіп жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Мемлекет пен халық арасындағы алтын көпірге айналып, диалог орнатады.

С. Селеубайұлы