Русский Сайттың толық нұсқасы

Теміртаудағы жылу орталығында жұмысшы қаза тапты

  • AstanaTV
  • 16 маусым 2022
  • 1349

Теміртау қаласында  «Арселор Миттал Теміртау» компаниясына қарасты жылу электр орталығында жұмысшы қаза тапты.   35 жастағы азамат  7- нші қазандықты жөндеу кезінде биіктен құлап кеткен. Қарағанды облыстық әкімдігінің ресми ақпаратына сүйенсек, ол- компанияға тиесілі   серіктестіктің  қызметкері. Бұл мекеме келісімшарт арқылы «Арселор Миттал Теміртау»- дың жылу қазандығының жөндеу жұмыстарын жүргізеді.   Еске салсақ, бірнеше күн бұрын компанияның металлургия комбинатында тағы 4 адам  қаза тапқан болатын.  Бір азамат   ауруханада жатыр. Олар ыстық пешті жөндеу кезінде бастырылып қалған. Апаттың себебін арнайы комиссия келесі апта жариялайды.

А. Қуаш