Русский Сайттың толық нұсқасы

"Алтын Белгі" төсбелгілері табысталды

  • AstanaTV
  • 17 маусым 2022
  • 1939

Бүгін елордалық мектеп бітірушілер арасындағы мыңнан жүйрік шыққандарға, "Алтын белгі" төсбелгілері табысталды. Мұндай құрметке 350-ге жуық жас түлек бөленді. Салтанатты шараға, жас түлектер, ата-аналар, ұзтаздар және шаһар басшылар қатысты.

Астаналық саябақ амфитаетарының аспаны ән мен күйге бөленді. Бұл - мерекелік шара 11 жыл тер төккен білімді жастарға арналған.

Биыл елордалық мектептерді 8 жарым мыңнан астам түлек бітіріп шықты. Оның 350-ге жуығы "Алтын белгі" иегері, ал 450-і үздік аттестат алды. Елорда мақтаныштарын құттықтауға қала әкімі Алтай Көлгінов  арнайы келген.  

Алтай КӨЛГІНОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Сіздер арқылы 8 мың 500-ден астам түлектерді құттықтағым келіп отыр. Ақ жол тілейміз. 15 жылдан бері Елордамыз бірінші орынды алып келеді, «Үздік олимпиядалық команда» ретінде.

Оқу жылының жемісі бұл ғана емес. Түлектер арасында шетелге оқуға түскендерінің саны 235 болса, Назарбаев Университетіне грантқа іліккендері 70-тің үстінде. Мерекелік шарада жас түлектер ғана емес, ата-аналарда ерекше толқу үстінде болды.
   
АТА – АНА:

Ата – ана үшін баласының оқып, білімін жетілдіріп, “Алтын белгі” жүлдегері атануы өте қуанышты сәт. Марапаттау рәсімі де керемет жоғары деңгейде өтіп жатыр.


Жас түлектердің бойында қуанышпен бірге қимастық сезім басым. Олар ұшқан ұяларын ешқашан ұмытпаймыз дейді.

БЛИЦ:

- Мектеп шақтарымызды сағынамыз. Себебі, он бір жыл бойы мектеп қабырғаларында өткен балалық шағымыз әрдайым есімде болады. Мектеп кездерімді ешқашан ұмытпаймын.

- Мен үшін “Алтын белгі” он бір жыл бойы аямай тер төккенді білдіреді. Бұл менің еңбегімнің жемісі деп көремін. “Алтын белгі” алғаныма мақтан етемін.


Оқу жылын қорытындылаған ұстаздар болса, дарынды балалармен жүйелі жұмыс жүргізу оң нәтиже беретіндігін дәлелдедік дейді. Жыл сайын жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадаларға қатысу сапасы артып келе жатқанын айтты. Салтанатты шара соңы қазақ эстрадасының концертіне ұласты.