Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістан облысында жол көлік апатынан 4 адам қаза тапты

  • AstanaTV
  • 20 маусым 2022
  • 1353

Түркістан облысында жол көлік апатынан  төрт адам қаза тапты.  Көлікте болған бесінші жолаушы аман. 19 жастағы бойжеткен ауруханаға жеткізілді.

Куәгерлердің айтуынша,  "BMW 5251"  көлігі жолдан шығып кетіп, сайға  аударылған.  Сол маңнан өтіп бара жатқан жүргізушілер  алғашқы көмек көрсеткен.   Көлік ішінде үш қыз, екі ер бала болды дейді. Полиция дерегінше, жастар мінген жеңіл автокөлік Жетісайға бағыт алған көрінеді. Қаза тапқан төрт адамның біреуі- көлік жүргізушісі, қалғаны -жолаушы. Жол сақшылары қазір  апаттың себебін анықтап жатыр.

А. Төребекқызы