Қазақстандықтар табысының жартысынан астамын азық-түлікке жұмсайды. Бұл- Финпром аналитикалық орталығы жүргізген зерттеу нәтижесі. 2015 жылы тұрғындар алған жалақысының 44,7 процентін азық-түлікке жұмсаса, былтыр бұл көрсеткіш 53,9 процентке жеткен. Азық-түліктен басқа, жеке гигиена заттары, киім-кешекке жұмсалатын шығын 25 процентке көбейген. Қымбатшылықты әсіресе алматылықтар сезініп отыр. Одан кейінгі орында- Қызылорда, Қарағанды қалалары тұр.
А. Шамшидин