Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанай облысында бір отбасының төрт адамы өрттен қаза тапты

  • AstanaTV
  • 21 маусым 2022
  • 1043

Қостанай облысының Жітіқара қаласында бүтін бір отбасы өрттен  қаза тапты. Өрт жайлы куәгер 102 телефонына қоңырау шалып, хабарлаған көрінеді.  Ол жерге дереу жеткен өрт сөндірушілер жарты сағат тілсіз  жаумен арпалысқан. Қызыл жалын 50 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрттен 63 жастағы үйдің иесі, оның ұлы мен қызы  және екі жастағы немересі қаза тапты. Мамандар қайғылы жағдайдың себеп-салдарын анықтап жатыр.

Уалихан ДОСАНОВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАС МАМАНЫ:

Оқиға орнында  сараптама –зерттеу орталығының  мамандары жұмыс істеп жатыр.Сонымен қатар департаменттің анықтаушылары да сонда жүр. Олар кісі өлімі мен өрттің себептерін анықтауда.

З. Санай