Елорда тұрғыны үйде есірткі өсірген. Қалалық полиция департаменті мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірлесе жүргізген операция кезінде қарасора зертханасы анықталды. Жертөлеге жылу режимі мен ылғалды сақтайтын құрылғылар қойылған, тамшылатып суару жүйесі жұмыс істеген. Сондай-ақ, тыйым салынған өсімдіктерге арналған тыңайтқыштар, желдеткіштер, контейнерлер мен буып-түю материалдары тәркіленді.
Эльмира ШӘУЛЕНОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:
Күдікті ретінде екі азамат ұсталды. Олардың бірі 24-те, екіншісінің жасы 35-те. Нұр-сұлтан қаласының тұрғындары. Аталмыш факт бойынша Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 300 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер Нұр-Сұлтан қаласы Полиция Департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.
С. Селеубайұлы