Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордада жастардың басын қосқан спорт мерекесі өтіп жатыр

  • AstanaTV
  • 21 маусым 2022
  • 1427

Елордада жастардың басын қосқан спорт мерекесі өтіп жатыр. Он күнге созылатын жарыста «Жасыл ел» сарбаздары өзара   мықтыны анықтайды. Еңбек жасағындағы бүгінгі бәсеке туралы толығырақ тілші материалында.

"Жасыл ел" жасағына 14-29 жастағы елордалықтар жиналған. Олар- әр саланың мамандары, жаз бойы бас қаланы абаттандырумен айналысады. Ұжымды біріктіріп, достық қарым-қатынас орнату үшін спорттық жарыстар ұйымдастыру дәстүрге айналған. Биылғы он сегізінші еңбек маусымының сарбаздары да ұлттық ойындардан сайысқа түсуде.

Аян ЕРМЕНТАЕВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ЖАСТАР САЯСАТЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:


Біздегі басты мақсат ұлттық дәстүрімізді насихаттау болып табылады. Соның ішінде ұлттық спорттан бүгін, асық атудан, арқан тартудан, гир көтеруден, басқа да спорт түрлерінен осы іс-шара ұйымдастырылатын болады. Жалпы бұл шара он күндікке созылады.

"Бұл шара-   уақыттың қызықты өтуіне, жастардың жаңа қырынан ашылуына таптырмас мүмкіндік",- дейді жасыл елдіктер. Биыл  еңбек бағдарламасы бойынша 1500 адам уақытша жұмысқа тұрған. Олар қала аумағын абаттандыру, саябақтар мен әлеуметтік нысандарда күніне төрт сағат тер төгеді.

Гүлсана ӘДІЛХАНОВА, СТУДЕНТ:

Менің жұмысқа тұрған себебім, бұл менің болашақ мамандығыма жақын, дизайнға өте қатысты. Бұл бірінші маған да қолайлы, және де өзім де ақшаның қалай келетінін бала біле алады.  Және бұл жұмыстың жақсы жағы да өте көп.

2005 жылдан бері республика бойынша 250 мыңнан астам жас  «Жасыл ел» сапында болған. Осы уақыт ішінде олар 44 миллионнан астам ағаш егіп,  150 гектарға жуық аумақты өңдеді.

С. Селеубайұлы