Русский Сайттың толық нұсқасы

Жекешелендірудің екінші толқыны аясында 283 нысан сатылған

  • AstanaTV
  • 07 шілде 2016
  • 2790

Жекешелендірудің екінші толқыны аясында бүгінгі күнге дейін 83 млрд теңгеге жуық соммаға 283 нысан сатылған. Бұл туралы ақпарат мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің ресми сайтында жарияланды.

2014-2020 жылдар аралығында мемлекеттік 1006 мекемені сату жоспарланған. Олардың 65-і республика меншігіндегі, 492-сі коммуналдық меншіктегі нысандар. Одан бөлек, сатуға ұлттық холдингтер мен компаниялардың активтері шығарылған. Ал 2014-2016 жылдарға 617 нысанды жекешелендіру көзделген. Қазір саудада 195 нысан тұр. Олардың ішінде футбол, волейбол, хоккей, шахмат клубтары, шағын несие беруші ұйымдар, денсаулық сақтау мен түрлі тренинг орталықтары, энерго орталықтары мен газет редакциялары бар. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ