Русский Сайттың толық нұсқасы

Танысын малша бауыздап тастаған атыраулық тұрғын 10 жылға сотталды

  • AstanaTV
  • 22 маусым 2022
  • 882

Танысын малша бауыздап тастаған атыраулық тұрғынға үкім шықты. 39 жастағы сотталушы қылмысы үшін 10 жыл  темір тордың ар жағында өткізеді. Оқиға  Жылыой ауданына қарасты шаруа қожалығының қыстағында болған. Үш азамат ішімдік ішіп отырып, өзара сөзге келіспей қалған. Сол кезде 61 жастағы ер адамды бөтелкелес танысы асхана пышағын сермеп, жарақаттаған. Кейін арқанмен байлап, ауыр жарақаттап, қинап өлтірген.   

Мейрамгүл ӨТЕҒҰЛОВА, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:


Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық  сотында шаруа қожалығында қасақана адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды. Сот үкімімен сотталушы ҚР ҚК 99 бабының бірінші бөлігімен кінәлі деп танытылып,  оған он жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Б. Надірқызы