Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда шағын және орта бизнес қарқынды дамып келеді

  • AstanaTV
  • 07 шілде 2016
  • 3878

Ел экономикасының дамуында шағын және орта бизнестің үлесі артып келеді. Ranking.kz. сараптама қызметінің ақпарына қарағанда, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 1,5 млн кішігірім кәсіпорын ресми тіркелсе, соның 1 млн 300 мыңы белсенді қызмет көрсетіп отыр.

Нәтижесінде жаңа жұмыс орыны да ашылған. Мәселен, соңғы 3 жылда өсім - 53,9%-дан 85,2%-ға жеткен. Отандық бизнес ортада жеке кәсібін ашушы субъектілердің саны - 68,2%. Оның 19,2%-ы заңды мекеменің, 12,2% шаруа қожалықтарының еншісінде. Сауда-саттықпен де айналысушылар қатары көп. Әзірге  жарты млн субъект ресми тіркелген. Шағын және орта бизнестің дамуы әсіресе, оңтүстік аймақтарда басым. Республика үлесінің 41,2% соған тиесілі. Оның ішінде Алматы бірінші орында. Мұнда 239 мың кәсіпорын бар.

Құралай ПИОНЕР