Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандыда 90 млн жуық теңге жымқырған мектеп- гимназия есепшісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

  • AstanaTV
  • 22 маусым 2022
  • 890

Қарағандыда 90 млн- ға жуық теңгені жымқырған мектеп- гимназия есепшісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің қылмысын Қарағанды облысы бойынша экономикалық тергеп- тексеру департаментінің қызметкерлері әшкереледі. Бас есепші бюджет қаржысын 1 жарым жыл бойы түрлі есепшоттарға заңсыз аударып алып отырған. Негізсіз жалақыларды да есепшоттарға жіберген. Мұның барлығы бюджет қаражаты ,- дейді мамандар.  Оның көмекшісі де  күдікке ілінді.  Бас есепші тергеу кезінде мемлекетке келген 90 млн теңгеге жуық шығынның 13 млн- ын қайтарып берген.  

Ардақ ӘДІЛҚАС, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП- ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІ ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:


Мемлекеттің бюджетінен түскен ақшалай қаражатты жымқырып отыр. Жаңағы оқу мекемесінің директорының  орынбасарына, сонымен қатар өндірістік бөлмені тазартушының сосын тағы бір мұғалімнің жеке есепшоттарына ақшаларды негізсіз аудару арқылы ақшаны жымқырып отырған. Тергеу амалдары аяқталғаннан кейін қылмыстық іс сотқа міндетті түрде жолданады.


А. Қуаш