Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбедегі 5 маусымда болған қырғынға қатысудан бас тартқан азамат 6 жылға дейін түрмеге тоғытылуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 07 шілде 2016
  • 1897

Ақтөбеде 5 маусымда теракт болатынын біле тұра, оны полицейлерге хабарламаған айыпталушы 6 жылға дейін сотталуы мүмкін. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады. Қаралы күні қолына мылтық алған қылмыстық топтың арасында болып, қару-жарақ дүкені алдына келгенде райынан қайтқан. Қазір жергілікті тұрғын уақытша тергеу абақтысына қамалған. Ол "дайындалған қылмыс туралы алдын ала тиісті орындарға хабарламады" деген бап бойынша айыпталып отыр. Заңға сәйкес бұл әрекеті үшін 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылып немесе осы мерзімге шартты түрде жазалануы мүмкін. Сондай-ақ, 6 мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу да қарастырылған.

Анар Айтжанова, Ақтөбе облыстық соты баспасөз хатшысының міндетін атқарушы:

Ақтөбе қаласының №2 сотының 1 шілдедегі қаулысы бойынша Арыстановқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтініш қанағаттандырылып, 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді.

Мансұр ЕСҚОЖИН