Русский Сайттың толық нұсқасы

«Жалған терроризм» үшін айыпталған физика пәні мұғалімінің жақтастары Бас прокуратурадан көмек сұрады

  • AstanaTV
  • 07 шілде 2016
  • 2766

Жалған терроризм үшін айыпталған физика пәнінің мұғалімі Юрий Пактың ісі Бас прокуратурада жан-жақты тексерілуі тиіс. Бүгін мұғалімнің жақтастары мен туыстары осындай өтініш айтты. Сот процесі кезінде Юрий Пактың телефонынан шалынған қоңыраудың небәрі 6 секундқа созылғаны және қоңырау шалған адамның дауысын өзгерткені белгілі болған. Ал 112 қызметінде сақталған хабар 6 секундтан ұзақ көрінеді. Алайда, құқық қорғау органдары хабарламаға сараптама жасатпай отыр, - деді айыпталушының әйелі.

Ольга Пак, айыпталушының әйелі:

Сараптама жан-жақты жүргізіліп, күйеуімнің кінәсіздігі дәлелденеді деп үміттенем. 112 қызметінде жазылған қоңыраудың ұзақтығы 2 минут 41 секунд. Бұл екі санның айырмашылығын анықтау үшін, математик болудың да қажеті жоқ.

Еске салсақ, өткен жылы сәуірде белгісіз біреу 112 қызметіне қаладағы орталық әмбебап дүкенге бомба қойылғаны туралы хабарлайды. Жалған қоңыраудың 86-ыншы мектеп мұғалімі Юрий Пактың смартфонынан шалынғаны анықталған. Ол «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау» бабымен айыпталып, іс сотта қаралуда. Юрий Пак қоңырау шалынған сәтте ұялы телефонын кабинетте қалдырғанын дәлелдеген. 6 секундқа созылған қоңыраудағы дауыстың өзгертілгені де анықталыпты. Алайда құқық қорғау органдары хабарламаға сараптама жасатпай отыр, - деді айыпталушының әйелі.

Айта кетейік, осыдан бір ай бұрын жарияланған онлайн-петицияны қолдағандар саны мыңға жеткен. Ғаламтордағы бұл парақшаны Болгар мемлекетінің тұрғыны ашқан болатын.

Айжан ҚУАШ