Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанай облысында соңғы жылдары отызға жуық ауыл жойылған

  • AstanaTV
  • 22 маусым 2022
  • 2377

Қостанай облысында соңғы жылдары отызға жуық ауыл жойылған. Биыл  тағы бірнеше елдімекенге қауіп төніп тұр.Келешегі бұлыңғыр өлкенің бірі-  Жаңа ауыл. Қарабалық ауданына қарасты елдімекен. Шалғайдағы ауылға былтыр өзге өңірден  бірнеше отбасы көшіп келді. Батыстан қоныс аударған азаматтар тозған ауылды түлетуге атсалысуда.

Шекара шебіндегі  Жаңа ауыл карта бетінен жойылудың алдында тұр. Елдімекенде он шақты үй қалған. Ендігі  үміт- оңтүстік пен батыстан келетін келелі  көште.  Алтынбек Есполов мұнда екі жыл бұрын көшіп келген. Батыстан астықты өлкеге ат басын  тіреген азамат ата кәсіппен айналысады.    

Алтынбек ЕСПОЛОВ, ШАРУА:

Бүгінге 150 бас қой бар.  Болашақта бұйырса 800 басқа дейін жеткіземіз.   Ірі қара ұстауға пайдасы шамалы. Қазір сүттің бағасы 120-130 тенге қабылдайды. Ең бірінші мәселе ауылдарда- сол сүттің бағасы.  160-180 тенгеге дейін көтеру керек. Сонда тиімді болады.

Байырғы тұрғындар батыстан  көшіп келгендерге құшағын айқара ашып, қарсы алды. Елге ел қосылып, құт қонып, туған өлке  қайта түлесе   деген  үміт пайда болды дейді жергілікті жұрт.

Ғалия АПЕНОВА, «ЖАҢА АУЫЛ» АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Баяғыда дүркіреп тұрған ауыл еді ғой. Сол қимай отырмыз міне. Бәрі де құрып жатыр. Ауылдан бытырап-бытырап кетті жұмыс болмағасын. Мектеп жоқ, дүкен жоқ. Әйтеуір нан әкеледі, оған да ризамыз. Сол үміттеніп отырмыз мына кісілерге.Келіп ауылды дұрыстай ма деп үміттеніп отырмыз. Өте жақсы болар еді.

Халық құрдымға кеткен ауылды құтқарып қалу үшін барын салуда. Төскейге түлік өргізіп, әлеуметтік жағдайды жақсартқысы келеді. Тек   билік  жайылым мен шабындықты кеңейтіп берсе деген  тілек бар.

З. Санай