Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте түрме бастығы сотталды

  • AstanaTV
  • 23 маусым 2022
  • 3652

Түрме бастығының өзі түрмеге түсті.  Шымкенттегі ИЧ 167\3 түзеу мекемесінің бастығы 9 жылға сотталды. Ел «31 - аймақ» атайтын  түзеу мекемесінің экс-басшысы сотталғандардан пара алғаны үшін бас бостандығынан айрылды. Әл-Фараби аудандық соты төрағасының мәліметінше, Жүнісбеков мекеме басшысы бола тұра  сотталған алты адамнан  4 млн теңге көлемінде пара алған. Ол ауызбастырықты жазасын өтеушілердің жазасын жеңіл жазаға ауыстыру, мерзімінен бұрын шартты түрде босату  немесе оларды жеңіл мекемеге ауыстыру  бойынша алған. Яғни тездетіп құжаттарды сотқа жіберіп, жағымды мінездеме беріп, көмектесуі үшін сұраған, - дейді сот төрағасы Еркебұлан Төлешов. Жүнісбеков жазасын қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтейді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Еркебұлан ТӨЛЕШОВ, ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНДЫҚ СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
 
Алты көрініс бойынша Жүнісбековтың кінәсі толығымен дәлелденді.  Алайда ол кінәсін мойындаған жоқ. Дегенменде алты азаматтың жауаптары, басқа да куәгерлердің жауаптарымен сот оның кінәсі дәлелденді деп шешім қабылдады. 27.50. Жаза бойынша бүкіл жеңілдететін және ауырлататын мән жайларды ескере келе сот Жүнісбековке 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

А. Төребекқызы