Балабақшадағы бассыздық. Әлеуметтік желіде баланы жұлқылап, басынан ұрған тәрбиешінің әрекеті қызу талқыланып жатыр. Бұл жағдай Алматыдағы жекеменшік балабақшалардың бірінде болған.
Тәрбиешінің балаға жұдырық жұмсағаны бейнебақылау камерасына жазылған. Бүлдіршінді білектің күшімен сабасына түсіргісі келген-тәрбиешінің көмекшісі. Ол әуелі баланы қатты жұлқып, кейін басынан ұрады. 30 жастағы маман кінәсін мойындап, ата-анасынан кешірім сұрапты. Дегенмен мектепке дейінгі мекеме басшысы әйелді жұмыстан шығарғанын айтады.
Эльмира ИСАБЕКОВА, БАЛАБАҚША МЕҢГЕРУШІСІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
Полициямен жұмыс жасалды. Кейін біз көмекшіні тәрбиешінің статья бойынша жұмыстан шығардық. Енді админстративное расследование жүріп жатыр жұмыс бабымен. Ол уже жұмысқа қатыспайды. Сол күні сразу біз ертеңгісін жұмысқа уже келдірмейтіндей іс-әрекеттер жасадық.
Ә. Лесбек